Бүгін мектептің «Адал Ұрпақ» тобы лицей оқушыларымен бірге ұлттық валютамыз – теңгенің пайда болу тарихына арналған викторина өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы мен маңызымен таныстыру, қаржылық сауаттылықты арттыру, ұлттық рәміздер мен елдің экономикалық тәуелсіздігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың еліміздің экономикалық қырларына деген қызығушылығын дамыту болды.
#біртұтас_тәрбие
#Ұлттық валюта күні
