Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігі – “Soz zerde” зияткерлік командалық ойыны.

18 қыркүйекте 7А сыныпта “Soz zerde”интеллектуалды командалық ойыны өтті. Балалар Қазақстан Республикасының айтулы күндері, еліміздің Мемлекеттік рәміздері мен мәдениеті туралы өз білімдерін көрсетті, сауалдарға жауап бере отырып, тапқырлық пен креативтілік, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыс көрсетті. Барлық командалар күш-жігері үшін тәтті сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі мен ынта-жігері үшін алғыс айтамыз ! Жаңа интеллектуалды кездесулерге үміттенеміз!

#біртұтас_тәрбие