Бүгін онлайн-конференция режимінде 10-11 сынып оқушылары үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілмен “Бала құқықтары – адам құқықтары” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Оқушыларға БҰҰ-ның “Бала құқықтары туралы” Конвенциясының негізгі баптары бойынша түсініктемелер берілді, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейтін заң нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ұсыныстар берілген.
