“Дарын” мектеп-лицейі” КММ қыркүйектің оны күні 10 Б сыныбында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына байланысты “Тілім менің ғасырларға аманат” тақырыбында мерекелік шара өтті.
Бұл сыныптан тыс мерекелік шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: С.Д.Тулебаева мен А.А.Чаукерова болды. Оқушылар екі топта жұмыс жасады. Ахмет Байтұрсынұлы туралы документалды фильм көріп, өз ойларымен бөлісті. Оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқыды. Берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрастырды. Түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін ортаға салды. Оқушылар белсенді жұмыс жасады. Қазақ халқының ағартушы,жарық жұлдыздары, ақын-жазушылары туралы сұрақтарға жауап берді.



