Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында біздің мектепте Петропавл қаласының Бірінші ПББ ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Р.Е. Маликованың 7-9 сынып оқушыларымен кездесуі өтті.  Балалармен “Есірткі құралдарын пайдалануға және өткізуге жол бермеу”, “Әкімшілік құқық бұзушылықтар”, “Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы”, “Электр самокаттарда және шағын электр көлік құралдарында, велосипедтерде жүру кезіндегі жолдардағы қауіпсіздік” тақырыптарында әңгімелер өткізілді. Оқушылардың осы мәселелерде негізгі құқықтық білімі бар және зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың кез келген көрінісіне теріс көзқарас танытатыны қуантады.