Оқуға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады: анасы, әкесі, атасы, әжесі, туған күні мен мерекелерде кітап сыйлайтын туыстарынан. Бұл махаббат оқуды ұнататын, сүйікті кітаптары мен шағын үй кітапханасы бар отбасында туады. Сондай-ақ, “скрин”, файлдардан тұратын электронды кітаптар емес, қағаз түріндегі – шеттерінде белгілері бар кітаптар. Сіздің отбасыңызда отбасылық оқу бар ма?



