Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Ақпан айында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары біздің лицейде офлайн және онлайн форматта өткізілді. 1-4 сыныптарда «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны. Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады», 5-9 сыныптарда «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері. Интернеттегі бала: орта жолды қалай табуға болады» және 10-11 сыныптарда «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа… Әлеуметтік желі және интернет кеңістігі: орта мектеп оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы». Сабақтарда компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері және оны ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болатындығы, интернетті пайдалану режимін сақтау, компьютерлік ойындарға қандай балама болуы мүмкін (мысалы, спорт, белсенді және үстел ойындары, шығармашылық, оқу, бірге серуендеу, театр мен кинотеатрға бару) деген сұрақтар көтерілді және талқыланды. Сондай-ақ, сабақтарда жасөспірімдердің ата-аналары баласын кибербуллингтен және интернет-кеңістіктегі қауіпті көздерден қорғау үшін мінез-құлық алгоритмін алды.