24 қарашада “Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК ашық есік күнін өткізді. Біздің оқушылар іс-шараға қатысып, колледж мамандықтары мен біліктіліктері, қабылдау шарттары туралы ақпаратты тыңдады. Балаларға медицинаның әртүрлі салаларында: адамның бойы мен салмағын өлшеу, қан анализін алу, пульс пен қысымды өлшеу бойынша шағын шеберлік өткізілді. Сондай-ақ, студенттерде оқытылатын манекендер мен аспаптар көрсетілді. Балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар алынды.

