19 қазан күні “Дарын” мектеп-лицейінде “Петропавл қаласының білім бөлімі” КММ “Жастар СӨС үшін” ЖҚБ қолдауымен және “Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты” психологиялық денсаулық онкүндігі аясында білім беру саласында әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Ж. А. Баукенова “Қауіпсіз интернет” тренингін өткізді.
Іс-шараның мақсаты интернет желісінің сауатты жауапты пайдаланушысын тәрбиелеу, балаларды ғаламдық желіні қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстыру болды. Оқушылар белсенді қатысты, сұрақтар қойды, ситуациялық тапсырмаларды талдады. Тренинг соңында оқушыларға пайдалы ұсыныстар берілді.