Жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын ерте жастан түсіну мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында біздің лицейде осы күнге арналған іс – шаралар өтті: “Еңбек күні” сынып сағаттары және “Өмір-еңбек”, “Кәсіптер әлемі”әңгімелері. 10 және 11 сыныптардағы “Еңбек адамы” сынып сағаттарында балалар “еңбек” сөзінің түсінігі туралы әңгімелесті, осы сөздің түсіндірмесімен танысты, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер шағын ойынын ойнады. Іс-шараға 10Б сынып оқушыларымен биология пәнінің мұғалімі Е.В. Ягодина қатысып, оқушыларға мамандыққа қалай келгені туралы айтып берді. Өз сөзінің соңында мұғалім балаларға өте құнды кеңес берді – өз мақсатына жету, берілмеу және жоспарланған жолдан бас тартпау.
Бастауыш сынып оқушыларымен әр түрлі қызмет салаларындағы еңбек тақырыбына бағытталған әңгімелер өткізілді, соңына қарай мамандықтар туралы лото ойыны ойнатылды. Балалар мамандық пен еңбек деген не, олар қандай, қандай да бір кәсіпте қандай білім мен дағдыға ие болу қажеттігі туралы білімдерін жаңартты және нығайтты.
7 “А” сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері Ж.Б.Бектембаевамен кездесу өткізді. Балалар педагогикалық еңбек ардагеріне мұғалімнің және сүйікті оқушылардың шығармашылық жолының басталуы туралы сұрақтар қойып, мұғалімнің қазіргі жастарға деген көзқарасы туралы сұрады. Кездесу М.Сафронованың орындауындағы “Мұғалім” өлеңін мәнерлеп оқумен аяқталды. Сынып оқушылары Жания Божкиновнаға назар аударғаны және өмірлік құнды сабақтары үшін алғыстарын білдірді.