“Кішкентай досыңа көмектес” акциясы
“Қоғамға қызмет” әлеуметтік-волонтерлік жобасын іске асыру аясында 5 “А” сынып оқушылары үйсіз жануарлардың проблемасына бей-жай қарамады және сыныпта “Кішкентай досыңа көмектес” акциясын ұйымдастырды. Оқушылардың ата-аналары балалардың идеясын қолдады. Балалар мен ата-аналардың күшімен панажайға ит пен мысықтың тамағы жиналып, берілді.
