Мұхтар Әуезовке 125 жыл
Біздің мектепте М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған “Мұхтар-көркем сөз шебері” атты әдеби – шығармашылық кеш өтті. Кештің қатысушылары педагогтар мен оқушылар болды. Іс-шараның негізгі мақсаты: Мұхтар Әуезовтің патриот және гуманист ретіндегі тұлғасын көрсету, жазушының шығармашылығы бойынша ой-өрісін кеңейту. Жазушының тууы мен өмір жолын оқушылар театрландырылған үзінділерде ұсынды. Абай өлеңдерінде өскен Мұхтардың балалық шағы туралы әңгімеледі. “Татьянаның Онегинге жазған хаты”, “Абай жолы” шығармаларынан үзінділер сахналанды. Көлеңке театрын пайдалана отырып, “Еңлік – Кебек” шығармасынан қызықты үзінді ұсынылды. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы бойынша іс-шара рефлексиямен аяқталды, оған қонақтары, 7,9,10,11 сынып оқушылары белсенді қатысты.