Ежелден тойланып келе жатқан сан ғасырлық тарих пен дәстүрге толы мейрамымызды дәріптеу мақсатында «Дарын» мектеп – лицейінде Ұлыстың ұлы күніне орай іс – шаралар өткізілді. Соның ішінде Жұмабаева С.Е. 10 «А» сынып оқушыларымен “Еліміздегі Наурыз мейрамы” атты шараны ұйымдастырды. Оқушылар мереке туралы білгендерін ортаға салып, «Наурыз көже» дайындау жайлы сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті. Сонымен қоса дастарқан жайып, қонақтарға қандай тағам ұсынылатыны туралы, суреттер бойынша салт дәстүрлерді айтып бөлісті. Бауырсақпен шәй ішіп, бір -біріне тілектерін білдірді, жаңа жылмен құттықтады.
Сынып жетешілері Наурыз мерекесіне орай әр түрлі тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Жайлыбаева А.Б. 7″В” сыныбымен “Қош келдің, Әз Наурыз” атты сынып сағатын ұйымдастыру барысында, балалар өлең айтып, өздерін жан жақты көрсете білді, бір-біріне мерекелік көңіл күй сыйлап, кеш соңында дастархан жайып, дәмді тағамдардан дәм татты.
Рамазанова А.М. 6 В сынып оқушыларымен «Наурыздың тарихы» тақырыбы аясында танымдық викторина өткізді. Бұл шараның мақсаты оқушылардың интеллектуалды көзқарасын дамыту; қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыру; байқау, есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін дамыту; адамгершілік, патриоттық сезімдерін арттыру. Шараның соңында шашу шашылып, бауырсақтан дәм татты.
” Наурыз мерекесі ” – 3Б сынып,” Наурыз қонағы “- 4А сынып, 3 А сынып оқушылары үшін” Наурыз – бірлік мерекесі ” іс-шарасы өткізілді, ол үшін сынып жетекшісі Ж.А. Горбунова және сынып ата-аналары балаларға арналған ұлттық тағамдар дайындадымен ұлттық киімдер кигізді. Бастауыш мектепте “Ұлттық костюм апталығы” челленджі өткізілді, “Наурыз мерекесінің тарихы” кітапханалық сабақтары өтті, өлкетану үйірмесінің жетекшісі Э.Ф. Мусина “Менің Отаным – Қазақстан” викторинасын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
16 наурызда “Наурыз келді” мерекелік концерті ұйымдастырылды, концерттік бағдарламада мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде өлеңдер, әндер шырқалды, мектебіміздің бишілері өз өнерлерімен қуантты, музыка мұғалімі А. А. Уалиоллинаның орындауында Домбыра әуендерін тыңдады.
Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Іс- шараларымыз арқылы кешегі мен бүгінгінің Наурызымен танысып, Қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиелік ұғымдары балалардың бойына дәріптелді.