Сіздерді төмендегі ақпаратпен танысып шығуға шақырамыз және балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың мобильді құрылғыларына «Ата-ана бақылауы» функциясын орнатуды сұраймыз.
«Ата-ана бақылауы» – бұл балалардың онлайн ортада қандай контентке қол жеткізе алатынын бақылауға мүмкіндік беретін баптаулар жиынтығы. Құпиялылық параметрлерімен бірге бұл құралдар балаларды орынсыз контенттен және келесі қауіп-қатерлерден қорғауға көмектеседі: онлайн-груминг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, жеке деректерді пайдалану, интернет-порнографияға қол жеткізу, интернеттегі беделге нұқсан келтіру және басқа да ықтимал қауіптер.
Ата-ана бақылауы баптаулары – бұл онлайн қауіпсіздіктің тек бір бөлігі екенін есте сақтаған жөн. Балаларыңызбен олардың интернеттегі өмірі туралы үнемі ашық сөйлесіп отыру маңызды. Бұл кез келген туындаған мәселелерден хабардар болуға мүмкіндік береді.



